Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі 2009 ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚХА XIV сессиясында берген тапсырмасына сәйкес құрылды.

ҚХА ҒСК құрамы: 54 ғалым: саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, тілтанушылар, заңгерлер, техникалық ғылымдар саласындағы сарапшылар, сондай-ақ зерттеу институттарының жетекшілері және белгілі қоғам қайраткерлері.

ҚХА ҒСК жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы болып табылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы және Елбасының бағдарламалық мақалалары бойынша жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық сүйемелдеу аясында 2019 жылы ҚХА ҒСК мүшелері отандық, шетелдік ғылыми журналдарда, қазіргі қазақстандық қоғам дамуының өзекті мәселелерін зерттеуге арналған Халықаралық және Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында 73 ғылыми-зерттеу мақаласын жариялады.

2019 жыл көлемінде ҚХА ҒСК мүшелерімен қазіргі кезеңнің өзекті әлеуметтік-саяси мәселелері бойынша 24 монография және ұжымдық жұмыстар әзірленіп, жарық көрді.

ҚХА ҒСК мүшелері 100-ден аса отандық және халықаралық ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталас алаңдарына, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теориялық біліммен және жинақталған тәжірибемен алмасу бойынша өзге де іс-шараларға қатысты:

- XII Астана экономикалық форумы;

- Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨІСШК) елдері ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨІСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты форумы;

- Қазақстандағы Жастар жылына және ТМД-дағы Кітап жылына арналған «Көпмәдениетті әлемдегі балалар және кітаптар» («Дети и книги в поликультурном мире») атты халықаралық конгресс, (3-4 қазан 2019, Алматы қ.) және т.б.

ҒСК мүшелерімен тұрақты негізде ҚХА қызметін, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қазіргі таңда ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері келесідей жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде:

1. «Қоғамдық сананы жаңғырту контексіндегі Н.Назарбаевтың жалпыұлттық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісі» («Казахстанская модель общенационального согласия и единства Н.Назарбаева в контексте модернизации общественного сознания») (жоба жетекшісі – Башмаков А.А);

2. «Туған жер» бағдарламасы және қоғамдық сананы жаңғырту контексіндегі «Алаш» идеясы және «Мәңгілік Ел» құндылықтары: тарихи тәжірибе, сабақтастық және келешек» («Идея Алаш» и ценности «Мәңгілік Ел» в контексте программы «Туған жер» и модернизации общественного сознания: исторический опыт, преемственность и перспективы») (жоба жетекшісі – Сыздықов С.М.)

ҚХА ҒСК мүшесі, «Қырғызстан-Астана» ҚБ төрағасы Ш.А.Исмаилов «Шексіз білім! Билим алуунун шеги жок! Образование без границ!» Халықаралық білім беру жобасын жүзеге асырды.