Салжанов Исламбек Төлеубайұлы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1969 жылы Ақтөбе облысында туған.

Білімі:

1986-1993: Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты, «емдік іс» мамандығы. Хирург.

1993-1997: Қазақ мемлекеттік академиясы жанындағы нарық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы. Экономист.

2003-2005: РФ жанындағы халық шаруашылығы академиясы – Мәскеу қ. Бизнес және іскерлік басқару институты, «Маркетинг және сатуды басқару» мамандығы, МBА дипломы.

2011-2012: Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Дьюк Университеті жанындағы Мемлекеттік саясат Сэнфорд мектебінің (АҚШ) серіктестігі.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

- «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі;

- Ақтөбе облысы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы;

- Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық Бизнес клубының тең төрағасы;

- «Алтын Қыран» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті;

- YPO Kazakhstan төрағасы.

«Алтын жүрек» қайырымдылық бойынша ұлттық қоғамдық сыйлығының жеңімпазы (2011 ж.), «Білім меценаты» алтын медалінің иегері (2012 ж.), «Жыл кәсіпкері» халықаралық байқауының жеңімпазы.

И. Салжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық және меценаттық қызметіне белсене қатысады.  Ақтөбе облысының Қобда ауданында 2013 жылы кәсіпкер өз қаражатына 200 орындық заманауи мектепке дейінгі мекеме салып беріп, жергілікті билік теңгеріміне берілді.

2018 жылы И. Салжанов Ақтөбе қаласында жаңа облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысын бірлесіп қаржыландырды. Шығармашыл зиялыларға кітап басып шығаруға және жаңа шығармалардың тұсаукесерін өткізуге үлкен көмек көрсетіп жүр. Кәсіпкер ағылшын, француз және швед тілдеріне аударылған қазақ әдебиетінің белгілі классигі Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы мен әлемнің 50-ден астам елінің оқырмандары үшін қол жетімді болған «Соңғы борыш» роман-дилогиясын қаржыландырды.

Толық қаржылай қолдауымен алғаш рет ағылшын тілінен қазақ тіліне және Walt Disney студиясының «Көліктер», «Көліктер-2», «Жаужүрек», «Өрмекші адам», «Монстрлар университеті» голливудтық мультфильмдерінің дубляжына тікелей аударма жасалды. И. Салжанов «Бөбек» қоғамдық қорына «Ризашылық күні» мен жастар фестивалін өткізуге қаржылай көмек көрсетті.

Ол «ҚХА қайырымдылық жол картасы», Ақтөбе қаласындағы «Аналар үйі» бағдарламасы, Моңғолиядағы қазақ мектебін жөндеу, Хьюстонда (АҚШ) қазақ тілін оқыту орталығының ашылуы сияқты жобаларды қаржыландырды.

Қазақстанның 100 жаңа есімі тізіміне енді.