Tварионас Виталий Ионо

Версия для печати

1964 жылы 31 шілдеде Қарағанды қаласында өмірге келген.   

1995 жылы Қарағанды мемлекеттік пединститутын спорт психологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы, Литвалықтардың дүниежүзілік қауымдастығының мүшесі.

Қоғамдық жұмыспен белсене айналысады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихи тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгілерді түзетіп, қалпына келтірген. ҚХА-ның жұмысына жастарды белсенді тартады. Бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісін халықаралық аренада (Литва, Жапония) насихаттайды.

В. Тварионас қазақстандық-литвалық байланыстардың дамуына белсенді атсалысады. В. Тварионастың бастамасымен Қарағанды қаласында 2017 жылы «Литовский двор» мәдени және экономикалық орталығы салынды.

Барлық қоғамдық-саяси іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, шетелдік бизнес-серіктестері мен Қарағанды облысы жұртшылығының арасында зор беделге ие.