Тәуелсіздіктің ұрпақтары

ҚХА аймақтардағы белсенділері: 2019 жыл тарихи маңызды оқиғаларға толы болмақ

Жастарды қолдауға бағытталған тағы бір мүмкіндігі көп жылдың бірі – 2019 жыл. Жастар үшін жаңғырудың жаңа бағыты іспеттес бұл жылда көптеген жастың көкейіндегі арманы мен тілегі орындалады деп сенемін. Олай деуіме негіз де бар.

ҚХА аймақтардағы белсенділері: Жастар жылы шеңберінде облыстар сан алуан тың идеялардың қайнар көзіне айналмақ

Қазіргі жастар өзгерістің ерекше және маңызды факторы, жаңа идеяларды тасымалдаушы.

Аскер Пириев: Қазақстанның ең үлкен жетістігі – тәрбиелі жастар

Кеше ғана өткен Жастар жылының ашылуы 2019 жылдың маңызды жаңалығының бірі болды десек, артық болмас. Ашылу салтанатын тамашалай отырып, қазіргі жастардың заманы біздің жастық шағымыздың заманынан ерекше екеніне көзім жетті. Бұның басты себебі – олардың тәуелсіз Қазақстанда туып, өсулері.

Көздеріндегі жалын, бойларындағы жігер, жүзеге асқан жоспарлары мен алдарына қойған мақсаттары, еркін сөйлеулері – таңданыс тудырады.  

Шерзод Пулатов: Жастар жылы жас ғалымдарға берілетін грант үлесі артады

Мәртебелі Елбасымыз Жастар жылының ашылу салтанатына қатысып, іскер жастардың бағытымен таныса отырып, бірқатар маңызды әрі жүйелі тапсырмаларды берді.  

ҚХА аймақтардағы белсенділері: 2019 жыл жастарға зор мүмкіндіктер ұсынып, жаңа белестерге жол ашты

Барша қазақстандықтарды «Жастар жылымен» шын жүректен құттықтаймын. Қазір біз әлемдегі әлеуметтік-мәдени жағдайлардың өзгеріс алған кезеңінде өмір сүрудеміз. Бұл кезең, постиндустриалдық немесе жаһандану дәуірі деп аталады.

Бауыржан Бағлай: тәуелсіз еліміздің ғылымын дамытуға жастардың әлеуеті жеткілікті

Әлемдегі дамыған мемлекеттердің негізі – адами капитал екені айқын, соның ішінде озық білімді, креативті жастардың алатын орны өзгеше. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануы жас ғалымдар арасында жағымды қабылданды. Тәуелсіз еліміздің ғылымын дамытып, қарқынды үлес қосуға жалынды жастардың әлеуеті жеткілікті. Оның айқын мысалы – Жастар жылына арналған салтанатты жиын барысында Елбасы алдында таныстырылған стартаптар, тың зерттеулер мен жобалар.

Дамир Дигай: Жастар жылы жастардың серпілісі екі есе артатын болады

Достар, біз үшін ресми түрде 2019 жыл – Жастар жылы басталды. Біздің әрқайсымыздың алдымызға қойған жаңа идеяларды, мақсаттарды, міндеттерді жүзеге асыру немесе бұған дейінгіні жалғастырудың ғаламат мүмкіндігі туды, ал енді ол мүмкіндік тек өз қолымызда.

Президент біздерге, жастарға дамуға дем беретін, ынталандыратын негізгі және қажетті факторларды атап, тіпті қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді айғақтап берді. Бізге тек соларды дұрыс әрі тиімді қолдануға әрекеттену керек, сонда ғана көздеген мақсатымызға жететін боламыз.

Рихсибай Мамедов: 2019 жыл - жас ғалымдар мен олардың зерттеулері жан-жақты қолдау табатын жыл

Астана төрінде Жастар жылының ашылуына орай Мемлекет басшысының қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада жас буынға көрсетілетін қолдаулардың негізгі басымдықтары жария етілді. Әсіресе, жас ғалымдарды, іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға және жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламаға қомақты қаржы бөлінуі жас ғалым ретінде маған ерекше әсер етті. Бұл көңіл бөлудің қайтарымын жас буын жақын жылдары ел игілігіне бағыттайтын тың жобалар арқылы қайтаратынына мен кәміл сенемін.  

Рамиль Смаилов: енді өзімізді танытуға уақыт келді

Бүгін маған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ресми ашылу салтанатының қатысушысы болу бағы бұйырды.

Салтанатты жиын барысында жастар алдына үлкен міндеттер қойылып, ұсыныстар айтылды. Ендігі Тәуелсіз Қазақстанда туған жастардың кезі келді. Осы уақытқа дейін алған білімімізді және дағдымызды ширатып, шыңдайтын күнге жеттік.

Вакиль Набиев: жастар өркениеттің қозғаушы күші

Қазақстанда Жастар жылын жариялау - жастар саясатының мемлекет назарының басым аймағында тұрғанын байқатады, өйткені жастар өркениеттің қозғаушы күші және елдің болашағы болып табылады.

Беттер