Түркістандықтар: Елбасы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясымен ұштасып жатыр

Версия для печати

Экономикасы прогрессивті дамып келе жатқан мемлекетті қалыптастырып, қоғамдық келісімі жарасқан өркениетті ел болдық.

Жеткен жетістіктеріміздің барлығы біртұтас халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағында екенін әлем арнасы біледі.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауымен танысқан соң, жаһандық бәсекеге шығу – әлемдегі әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты, сол мақсатқа ұйымдаса жету керек екенін түсіндім.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері талай белестерді бағындырып, көпұлтты қазақстандықтарды әлеуметтік, саяси және экономикалық дағдарыстарға жуықтатпай, жарқын даму жолына алып шықты. Енді қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту аясында Үкімет басшыларына, министерлер мен әкімдерге  жеке-жеке тапсырмалар берілді.

Мұның бәрі мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік қолдау екенін білдіреді.

Елбасы өңірлерде болып, халықпен кездескенде, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясын көп айтатын еді. Міне осы Жолдаудада 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер жаңашылдықпен өз жұмыстарын жүзеге асырады. Әртүрлі тексерулерге тиым салынады. Олардың бизнесін дамыту аясында көп жеңілдіктер жаратылады. Яғни, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, оларға қолдау көрсету қажет.

Алдағы реформаның мәнін халыққа түсіндіру қажет. Оны жүзеге асыру үшін жергілікті жерлерде ҚХА мүшелері қоғаммен бірге жұмыс жүргізе отырып, жастарды қолдауымыз керек.

Қоғамда идеологияны күшейтуіміз қажет, осыған орай «Ауыл — ел белгісі» атты отансүйгіштік, патриоттық жаңа жобаларды жүзеге асыруымыз қажет деп ойлаймын.

Мемлекетіміздің экономикасы өрлеп, мәдениеті дамыса, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып, 30 елдің қатарына енуі жеделдетілетін еді.

Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы, ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырып, алдымызға қойған мақсаттарға жетуімізге кәміл сенеміз!

«Нұрлы жер», «Нұрлы Жол» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары халқымыздың беделін арттырып, ұлы мақсаттарға жеткізеді.

Икрам Хашимжанов,  

Қазақстан өзбектері «Дустлик»

         қауымдастығының төрағасы 

 

Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолғы Жолдауда халықаралық стандартта білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі еліміздегі барлық орта мектеп, гимназия, лицейлерге үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

Біз жай мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізсек, қазақ жастарына әлемнің кез келген жерінен білім алуға жол ашылады. Дамыған елдердің мамандарымен тайталасып еңбек ете алатын деңгейге көтеріледі. Біз алдағы жұмыс барысында Жолдауда аталған тапсырмаларға басымдық беретін боламыз.

Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жарияланды. Жастар біздің болашағымыз десек, білім саласына баса назар аударудың маңызы зор. Президент тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар жандана түссе, нәтижелі болса, педагогтардың мәртебесі көтеріліп, сала білікті кадрлармен жасақталып, білім сапасы арта түседі.

Балаларға халықаралық стандартта білім беру үшін ұстаздар да жаңа заман ғылымын игереді. Ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын көтеру және олардың баспаналы болу мүмкіндігі ұстаздар қауымына көрсетілген құрмет, үкен қолдау деп білеміз.

 

Сәуле ҚАЛЫБЕКОВА,

Түркістан облыстық ҚХА

 Аналар кеңесінің мүшесі, ұстаз

Елбасының бұл жолғы Жолдауындағы жүзеге асырылуы көзделген мақсаттар мен міндеттер «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысындағы жасалған басты қадамдардың бірі болмақ.

Өйткені, жолдау негізінен қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіріп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанымен, басты назар дені сау, білікті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған. Осы салаға жұмсалатын қаражатта 5 жыл ішінде жалпы мемлекет ішкі өнімінің 10 пайызына жеткізу тапсырылды.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту, орта білім беру жүйесінде белгіленген негізгі тәсілдерді орындауға баса назар аудару, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау және жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейтудің қолға алынуы осыған дәлел.

Бір сөзбен айтқанда білім беру ісінің барлық сатыларында атқарылуы тиіс жұмыстар кешенді түрде қамтылып отыр. Осыған дейін білім беру саласына ең қажет оқулық базасын қалыптастыру шараларының басталып кеткені және 100 жаңа оқулық бастамасы аясында 18 кітаптың қазақ тіліне аударылғаны баршаға мәлім. Бұл атқарылған және межеленген жұмыстағы жүйелеліктің белгісі.

Жалпы, Ел­басының Жолдауында қоғамда қызу тал­қы­ланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелер қамтылған. Мемлекет басшы­сы соларды шешу үшін нақты шараларды ұсынып отыр. Осыған орай атқарушы және өкілді билік орындарына нақты тапсырмалар берілді.

Белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда журналистерге де артылар жауапкершілік мол. Мемлекет басшысы айтқандай бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, Қазақстан үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ

 

Алишер Сатвалдиев,

Түркістан облыстық ҚХА

журналистер мен блогарлер клубының мүшесі