Қазақстан халқы Ассамблеясы

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ» ПАТРИОТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

2016 жылғы 30 қарашада сағат 12.00-де  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында («Конституция» залы, Достық көшесі, 11) Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Тарихы» атты республикалық жастар жобасының қорытындысы шығарылады.  

Іс-шараға ҚХА ҒЭК мүшелері, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ғылым және шығармашыл зиялы қауым, туристік компаниялардың, ел өңірлеріндегі жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.     

Іс-шара барысында Қазақстанның жаңа туристік бағыттары картасының таныстырылымы өткізіледі. Аталған карта ішкі туризмнің дамуына, ұлттық құндылықтарды, «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени және табиғи мұрасын дәріптеуге мүмкіндік туғызады.

___________________________

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz