Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

2016 жылғы 7 қараша күні сағат 15.00-де Тәуелсіздік сарайында (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52) Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы болады.  

Отырысқа ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың жетекшілері, елдегі жоғары оқу орындары ҚХА кафедралары мен орталықтарының меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысады. 

Кеңес жұмысының барысында қазақстандық біртектілікті  азаматтық қағидатында нығайтудың ағартушылық және құқықтық аспектілері қаралып, этносаралық қатынастарды бірыңғай әлеуметтік зерттеу әдіснамасының өзекті мәселелері талқыланатын болады. 

Отырыс шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналып өткізілген ең үздік ғылыми жобасы бойынша республикалық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау жүзеге асырылады.    

Сондай-ақ отырыстың алдында Мұрат Әуезовтың «Времен связующая нить» атты кітабының және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған Ұлттық талдамалық шолудың таныстырылымы өткізіледі. 

________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел. 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru