Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖАЗ - ЕЛ РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ

2016 жылғы 18-19 тамызда Астана қаласында, Назарбаев Университеті ғимаратында «Спорт бейбітшілік пен келісім жолында» ұранымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналғанҚазақстан халқы Ассамблеясының  «Олимпиадалық жаз - Ел рухы» фестивалі  ұйымдастырылады.

18 тамызда сағ.11.00-де Назарбаев Университеті алаңында ҚХА-ның  «Олимпиадалық жаз - Ел рухы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі  өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстанның барлық облыстарынан спортшылар, этномәдени бірлестіктер мүшелері мен жастар қатысады.

Фестиваль аясында спорттың 7 түрі бойынша - қазақша күрес, тоғызқұмалақ, таэквондо, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол және армрестлингтен (қоссайыс) жарыстар ұйымдастырылады.

Спорттық іс-шара барысында еліміздің өңірлерінен келген командалар арасында сайыстар өтеді, көрермендер назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ұлттық спорт ойындары түрлерінен және «Strееt-worкоut» спортшыларының көрнекі ойындары ұсынылады.

Фестивальдің ұйымдастырушылары мен әріптестері:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы;
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі;
  • «Назарбаев Университет» АБҰ;
  • Қазақ географиялық қоғамы.

Назарбаев университетінің мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 53

***

Фестиваль атаулы мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстанда тұңғыш рет өтеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты мен міндеттері - олимпиадалық қозғалыс пен жеңіс рухын дәріптеу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, командалық рух пен достық құндылықтарын қалыптастыру, спорттық шеберлікті шыңдауға тәрбиелеу, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы олимпиадасына қатысушы Қазақстан құрамасының спортшыларына қолдау көрсету.

Дәстүрлі және ұлттық спорт түрлерінің әлеуетін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының халқы арасындағы достықты тереңдету, өзара сенімді нығайту, сондай-ақ фестиваль өткізу жолымен ұлттық спорт түрлеріне жастардың қызығушылығын арттыру.

___________________________________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz