Қазақстан халқы Ассамблеясы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылғы 26 мамырда сағат 13:00-те Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Мұқанов және Төле би көшелерінің қиылысында Сәбит Мұқанов атындағы парктің ашылуы болады.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА мүшелері, Алматы қаласы әкімдігінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысады.

Парк «ХЭМКО» ЖШС, «Қазақстан әзербайжандары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласы әкімдігінің арасында жасалған меморандум шеңберінде жаңғыртылды.

Паркте оның табиғи шөп жабындысы жаңартылып, жас ағаштар отырғызылды, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңшасы және басқа да алаңдар жасалған.

«Қоғамдықкелісім» РММ баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

Алматы қаласының «Қоғамдық келісім» КММ

+7 702 822 88 99

Әмірғалиева Еңлік

E-mail: Enlik-erbol@mail.ru

www.assembly.kz