Қазақстан халқы Ассамблеясы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР КОНГРЕСІ «ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР. ОҚУ АРҚЫЛЫ РУХАНИ ҮНДЕСТІК ПЕН МӘДЕНИЕТКЕ»

2016 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында Халықаралық Кітапханашылар конгресі өтті.

Конгресстің мақсаты мен міндеті – Қоғам назарын Кітапханаларды дамыту мәселелеріне, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға аудару, ақпараттық қоғамның қазіргі заманғы талаптарына жауап іздестіру, электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және оны ақпараттық-кітапханалық мекемелерде пайдалану.

Іс-шараға Ресей, Молдова, Украина, Беларусия, Грузия, Әзірбайжан,  Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханаларының өкілдері, Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА), Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы (БАЕ) өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, мәдениет, білім және ғылым саласындағы  мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен жауапты қызметкерлері және кітапханашылар қатысты.

Халықаралық конгресстің пленарлық отырысын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.

Аталмыш іс-шараға қатысушылар қатарында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Павловна Калашникова да болды. Ол өзінің баяндамасында кітапханалармен бірлесіп жүзеге асырылатын  негізгі жобаларға тоқталды. Олардың қатарында: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы ҚХА ғылыми еңбектерінің депозитарийі мен оның КазНЭБ базасындағы электронды нұсқасы және т.б.

«Бүгін заманауи кітапхана жай ғана кітап қоймасы емес. Кітапхана оқырманға заман талабына сай болуға, елімен бірге өсіп, дамуға көмек беретін инновация орталығы, таным моделі болып табылады»,- деді ол өз сөзінде.

Баяндама соңында Наталья Павловна Конгресс қатысушыларының жұмысына табыс тілеп, іс-шара ұйымдастырушыларына үлкен алғысын білдірді. 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРТЕКТІЛІКТІ БІРЛЕСІП НЫҒАЙТАМЫЗ: РЕСПУБЛИКАНЫҢ КІТАПХАНА ЖЕЛІСІМЕН ҚХА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ (выступление на Международном Конгрессе библиотекарей: «Мир. XXI век. Через чтение к идентичности и культуре», 15–16 сентября 2016 года, г. Астана)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРТЕКТІЛІКТІ БІРЛЕСІП НЫҒАЙТАМЫЗ: РЕСПУБЛИКАНЫҢ КІТАПХАНА ЖЕЛІСІМЕН ҚХА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ