Қазақстан халқы Ассамблеясы

«МЕДИАЦИЯ КҮНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан халқы  Ассамблеясы аясында Қазақстанның барлық өңірінде «Медиация күні»  республикалық акциясы өткізіледі.

Іс-шараларға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, медиаторлар ұйымдарының басшылары мен мүшелері, медиация кабинеттерінің меңгерушілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері,       облыстық және қалалық соттардың судьялары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар, мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті пәтер иеленушілер кооперативтері  қатысады. 

Іс-шараның мақсаты: ҚХА медиация институтын кеңінен таныту және оның қызметін дамыту, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастырып, дамыту. 

Іс-шаралар:   

Біріншіден, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу және шешу тетігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамытуға; дауларды сотқа жеткізбей реттеуге;

Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын өңірлік деңгейде, соның ішінде шалғайдағы елді мекендерде (аудандарда және селоларда) дамытуға;  

Үшіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын әлеуметтік-маңызды бағыттарда – этносаралық қатынастарда; отбасылық-тұрмыстық дауларда және басқа да бағыттарда дамытуға;

Төртіншіден, жанжалдар мен дауларды соттар мен құқық қорғау органдарынсыз шешудің болашағы зор және балама тәсілі ретінде медиация институтын халық арасында кеңінен танытуға;

Бесіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, отставкадағы судьялар қатысатын өңірлік медиация институттарының жұмысын жүйеге келтіруге жәрдемдесетін болады.   

Акция өткізу шеңберінде өңірлердегі барлық Достық үйлерінде:    

- сағат 10.00-де – Медиация күнінің салтанатты түрде ашылуы;

- сағат 11.00-де – кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың азаматтарды тегін қабылдауы;

- сағат 15.00-де – Акцияның қорытындысын шығару өткізіледі.

Одан басқа, бұл күні:

- келушілерге тегін консультациялар беріледі;

- жиналғандарға медиация кабинеттерінің орналасқан жері мен ол жердегі сенім  телефонының номері көрсетілген буклеттер таратылады; 

- халық арасында қысқаша сауалнама жүргізіледі;

- кәсіби медиаторларды тарта отырып, келушілер үшін ахуалдық тренингтер өткізіледі.  

___________________________________

 

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz