Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2015

1457

«Қамқор» қайырымдылық акциясы

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» меценаттар мен донорлар қайырымдылық ұйымдарының республикалық съезді аясында, 2015 жылғы 21 қарашада «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» меценаттар мен донорлар қайырымдылық ұйымдарының республикалық съезді аясында, 2015 жылғы 21 қарашада «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтті.

«Қамқор» акциясының мақсаты: Балалық шақ мәселелеріне назар аудару, үлкен қамқорлық пен көңілді қажет ететін балалармен жұмысқа баса назар аудару. Балалар бүгін кейбір созылмалы аурулардан зардап шегеді, кейбір сәбилер дамуында ауытқушылық, эмоционалдық және психикалық бұзылулар, кейбір балалар психикалық дамуы тежелген немесе мүгедектік диагнозы бар. Көбіне мүмкіндігі шектеулі балалардың жаны нәзік болып келеді. "Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек", - дейді, «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы «Улыбка» қайырымдылық қоры.  Мұндай балаларға бар күшімізді салып оңалту, сондай-ақ, білім мен өзін-өзі жетілдіру, қоғамға бейімделу көмегін көрсету қажет.

 

Акцияға Петропавл қаласынан шамамен 20 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты. Балаларға арналған бағдарламада «Колобок» қуыршақ спектаклі көрсетілді, ол балалардың жақсы көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар, шығармашылық шеберлік-сабақтар және ойындар ұйымдастырылды.

Бұл «Улыбка» қорының қатысуымен өткен бірінші акция емес.

Кейін қарай