Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Мамыр, 2019

5899

«Қамқор» қайырымдылық айлығы аясында елордада мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

Өткен демалыс күндері елордалық мешітте мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтті.

ҚХА «Қамқор» акциясы шеңберінде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы «Ырыскелді қажы» мешіті және қалалық Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Рамазан айында «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Яхия қажы Исмаилов көпбалалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар, мүгедек және т.б. әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірді.

Ұйымдастырушылар осындай қайырымдылық акциялары Рамазан айы бойы жалғасатынын айтып, аталған іс-шараға қайырымды да жомарт жандарды атсалысуға шақырды.

Кейін қарай