09 Қыркүйек, 2016
936
Өңірлік семинар болып өтті
7–9 қыркүйек аралығында Тараз қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар болып өтті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сарайы ғимаратында өткен семинарға облысымыздың этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РКММ директорының орынбасары Талғат Жақияновтың айтуынша «Семинардың басты мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру» болып табылады».
Семинар жұмысы аясында дәрістер, тренингтер және тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Үш күндік семинар барысында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, медиация, көші-қон үдерістерін реттеу, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу, т.б. мәселелер қарастырылды.
Семинардың дәріскерлері ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Өңірлік семинар жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті