Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2022

382

Алғыс айту күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты республикалық синхрон-видео дәрісі өтті

2022 жылдың 1 -наурызында «Алғыс айту» күніне орай М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығы және «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы Республикалық Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты Республикалық синхрон-видео дәріс өткізді.

Ел тарихында 1 наурыз -бірегей конституциялық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Биыл 27 жылдық белесті бағындырған бұл институт Қазақстанның сындарлы жолмен дамуына ықпалын тигізіп, жасампаз істердің жаршысына айналды.


«Ұрпақтар ұмытпайды...» атты Республикалық синхрон-видео дәріс Республикалық және университеттік екі бөлімнен құралды.
1. Республикалық бөлімді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Мерзадинова Г.Т. салтанатты түрде ашты.


Мұнан соң Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данилов А. С. Және Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Жұмырбаев Т. Ғ. құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға ҚХА өкілдері және ақсақалдары, депутаттық корпус өкілдері, Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі ҚХА кафедралары мен орталықтары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының этнополитология магистранттары, этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дан «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты Республикалық синхрон-видео дәрісте «Тарих және педагогика» факультеті «Саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Қорғанова С.С. өз баяндамасын жасады. Баяндама барысында көпұлтты еліміздің бір шаңырағының астына жиналған ұлт пен ұлыстардың осында қоныс аударуының түпкі себебін жер аудару саясаты құрайтындығын атап өтті. Көптеген елдерден тәркілеуге ұшыраған халықтар қоныс аударған. Зобалаң көрген осы адамдардың елімізді жерсініп, сіңісуіне жергілікті тұрғындардың – қазақтардың рөлі зор болған. Сондықтан Алғыс айту күні деп аталатын осы мерекенің аталып өтуі бұл Қазақстан жерін мекендеген халықтардың біздің ұлтымызға деген алғысы болып табылатындығын атап өтті.


Сонымен қатар «Мұнай газ ісі» кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Надиров К.С.1- наурыз Алғыс айту күніне күніне орай қазақ еліне Алғысын білдіре отырып, бейнеарнауын жолдады.
Аталмыш іс-шараға Шымкент өңірлік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Комиссиясы жұмысшы тобының университеттік зерттеушілері экспедициялық зерттеу барысында сұрау салу нәтижесінде табылған 1938- жылы 8 жылға сотталған, Ақмола лагерлік бөлімшесінде, Карлагта жазасын өтеген Адия Фазыловна Шамгунованың немересі Османова Р.А. қатысып, апасының бастан кешкендерін, репрессиялық жазалау кезінде көрген қиындықтарына тоқтала отырып, Қазақ еліне деген шексіз алғысын білдірді.
2. Іс-шараның университеттік бөлімінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасының орынбасары, Бірінші проректоры Нұрманбетов Қ.Е. салтанатты баяндама жасай отырып, Алғыс айту күніне жиналған көрермендерді ынтымақтастық пен татулық дәстүрлерін онан әрі нығайтуға шақырды.
Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Илесов Б.Д. қатысты. Мереке барысында «Алғыс шеруі» де болып өтті. Шеруде өзге этнос өкілдерінің ұрпақтары Қазақ еліне деген өздерінің риясыз алғыстарын білдірді.


Мерекелік іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызы зор екендігіне тоқталып, халықтар арасындағы достықты нығайтудың еліміздегі өзара келісім мен түсіністік үшін аса қажет екендігіне ерекше назар аударды. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


Кейін қарай