Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2023

163

1 НАУРЫЗ - БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ТОЙЛАУДА

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні мен тұспа тұс келген бұл күнді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде атап өтті. Шара ең алдымен телекөпірден бастау алып, мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Концерттік бағдарламаға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы басшысы Ерлан Ерсайынұлы Галиев, этномәдени қоғамдық бірлестік өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, құрылымдық бөлім қызметкерлері, Ассамблея жастары, Орал қалалық 5517 әскери бөлімі және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шараға «Арай» Комьюнити орталығы, «Айгөлек» би ансамблі /жет.А.Бралиева/, «Атамұра» балалар аула клубы, «Домбыра дастан» домбыра ансамблі /жет.П.Кабиева/, Нығмет Нұрсая /жет.М.Ихсанова/, корей этномәдени қоғамдық бірлестігінің мүшесі Антонина Ким, «Ялкын» татар фольклорлық ансамблі /жет.Э.Амирова/, «Казаченьки» ансамблі /жет.О.Лонькина/, «Барт» ансамблі /жет.З.Алиева/, «Казачья песня» ансамблі /жет.Т.Самсонова/, «Берегиня» украин халықтық хоры /жет.Л.Григорьева/, «Николушка» лошкарей ансамблі /жет.Г.Калашникова/, «Малиновые зори» ансамблі /жет.И.Тоболева/, Зинуллина Лилия т.б. өнерпаздар өз өнерлерін көсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.


Кейін қарай