Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2021

19827

18 баланы қамқорлығына алған ана

Кентау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Түймегүл Ергешқызы бүгінде 18 баланы қанатының астына алған.

1966 жылы туған ол 1984 жылы Ащысайдағы Жамбыл мектебін бітірген соң, Шымкенттегі мұнай лаборанттарын дайындайтын техникумда білім алған. Алғашқы еңбек жолын Шолаққорғанда бастаған.

Түймегүл Ергешқызының өзі де ынтымағы жарасқан он балалы отбасынан шыққан. Сондықтан, жастайынан бүлдіршіндерге қамқор болып өскен. Сол 10 ұл мен 8 қыздың алтауын өз ата-аналарына табыстаса, үшеуін үйлендірген. Ал екі аруды сән-салтанатымен ұзатып, құтты орнына қондырған.


Жергілікті әкімдік үй-жаймен және әр балаға кәмелет жасқа жеткенше 21 мың теңгемен қамтамасыз етіп келген. Қазіргі таңда өзі тұратын үйден наубайхана, кафе, дүкен ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Әрі бірнеше адамды жұмыспен қамтыған.

Түймегүл балалардың түрі мен ұлтына қарамастан қамқорлығына алған. Басты көздегені тағдыр сынына ұшыраған балаларға пана болып, жабыққан көңілдерге медеу болу. Тәрбиесіндегі ұл-қыздары оны туған анасындай көреді.


Кейін қарай