
29 Мамыр, 2017
1428
25 жылдық мерейтой
Алматы облыстық орыс орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Славян мәдениеті мен жазуының фестивалі өтуде.
Фестиваль аясында 2017 жылдың 27 мамыры облыстық Достық үйінің конференц залында, Алматы облыстық «Қазақстандағы орыс, славян және казактар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің қызметі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, республикалық «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Божко Владимир Карпович жүргізді. Оған «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары, Астана қаласы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы - Әскери-техникалық мектебінің бас директоры Шацков Владимир Александрович, Жетісу Казактары одағының атаманы Шихотов Владимир Семенович және Жетісу казактары одағының мүшелері қатысты.
Іс-шара де Тіл сарайының мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстел отырысымен жалғасты.
Дөңгелек үстел отырысына Алматы облысы әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Амандық Ғаббасұлы Баталов төрағалық етті.
Іс-шараға Алматы облыстық орыс орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Славян мәдениеті мен жазуының фестиваліне арнайы келген, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, республикалық «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Божко Владимир Карпович, Л.Гумилёв атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық Кеңесі төрағасының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Калашникова Наталья Павловна, Астана қаласы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы - Әскери-техникалық мектебінің бас директоры Шацков Владимир Александрович, Алматы қаласындағы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілі Переверзева Ирина Владимировна, орыс, славян және казактар ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ-нің Қарағандыдағы филиалының төрағасы, «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» Қауымдастығы Президенті, «Шебер» «Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қолдау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, Қазақстан зергерлер гильдиясы басқармасының мүшесі Вшивцева Наталья Николаевна, Қазақстан Республикасының Ресей жерлестері Елдік үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның орыс мәдени орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лукашов Всеволод Анатольевич, (Ресей Федерациясы, Барнаул қаласы) Музыкалық аспаптарды даярлау жөндеу жұмыстары жөніндегі Ұлттық шебер Гнездилов Александр Ильич, Жетісу Казактары одағының атаманы Шихотов Владимир Семенович және облыстық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары , облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.
Қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын талқылады. Мақаладағы «туған жер» бағдарламасына баса назар аударылып, осы бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар жайында сөз қозғады.
Дөңгелек үстел барысында сөз алған Алматы қаласындағы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілі И.Переверзева орыс орталығын ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтап, облыстық орыс орталығының төрағасы А.Бузыкинға медаль және т.б белсенділеріне марапат қағаздары мен алғыс хаттар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты