Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Сәуір, 2022

541

Ағаш егу акциясын өткізді

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы ортақ үйімізді көгалдандыруға үлес қосу мақсатында ағаш егу акциясын өткізді.


Игі шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Болатбек Айтбенбетов, журналистер қатысып, Жалаңтөс Баһадүр ескерткішінің айналасын абаттандыруға белсенді атсалысты.



Акция барысында 50-ге жуық көшет егілді. Акцияға қатысушылар «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды ұран етті. Олар әр шыбықтың көктеп, бой алып кетуі саябақтар мен көшелердің сәні ғана емес, табиғат пен адамзаттың саулығына орасан зор пайдасы болатындығын айтты.


Кейін қарай