Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қазан, 2020

663

Ақмола облыстық ҚХА мұғалімдерді мерекесімен құттықтады

Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға риясыз үлес қосып жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамдары, сондай-ақ «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының мұғалімдерімен кездесу өтті.


Мұғалімдерді облыстық Достық үйі басшысының м.а. К.Жұмаенова құттықтап, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін одан әрі дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту бойынша пікірлерімен алмасты.

Кейін қарай