Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2020

228

Ақтөбе: ҚХА медиаторлары марапатталды

Республикалық медиация күнінде Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ-нің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Қазіргі кезеңдегі Медиация: жаңа форматтар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияда бірқатар медиаторлар марапатқа ие болды.

Онлайн конференцияға Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева, «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ-нің басшысы С.Балпеисова, сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен аудандардағы кәсіби медиаторлар мен кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер, судьялар және т.б қатысты.

Онлайн кездесудің басты қонағы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Concordia» Медиаторлар Одағы ҚБ-нің Президенті А.Муятдинова болды. Медиация күніне арналған онлайн басқосуды облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева ашты. Одан әрі онлайн конференцияға қатысушылар медиация туралы, бітімгершілік жолында атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты баяндамалар жасады.

Сонымен қатар онлайн форматта өткен шарада медиацияның қоғамдағы рөлі мен дауласушы екі тарапты бітімгершілікке келтірудегі тәжірибелер туралы айтылып, төтенше жағдай басталған уақыттан бері ҚХА жанындағы Медиаторлар Кеңесі де «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірге аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсеткендігі туралы мәлімет берілді.

Онлайн форматта өткен облыстық ғылыми-практикалық конференцияның соңында Ақтөбе облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева «Медиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбеттің Алғыс хатымен және «Медиация қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚХА-ның Құрмет Грамотасымен кәсіби және кәсіби емес медиторларды марапаттады.

Алғысқа бөленіп, марапатқа ие болғандардың қатарында облыстық Ассамблея жанындағы Медиаторлар Кеңесінің төрағасы Светлана Балпеисова, кәсіби медиатор Гүлзия Иманбаева, Ақтөбе облыстық сот алқасының судьясы Н.Ормаханов, ҚХА жанындағы облыстық Аналар Кеңесінің төрағасы Ж.Қалиева болды.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық ҚХА жанындағы Медиаторлар Кеңесінің құрамында 5 кәсіби медиатор және 12 кәсіби емес медиатор жұмыс жасайды. Олардың көмегімен соңғы 6 айда 128 іс қаралып, медиаторлардың келісімімен 39 іс шешімін тапты.

Кейін қарай