Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Маусым, 2019

2265

Ақтөбе облыстық «Славяне» орталығына - 30 жыл

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Славяне» аймақтық орталығы 1989 жылы құрылған өңірдің ең алғашқы этно-мәдени бірлестігі саналады. 

IMG_20190505_160640.jpg

Орталықтың тұңғыш басшысы А. Олиник болды. Бірақ 90-шы жылдардың басы орталық үшін бұрылыс кезең болды. Тарихи отандарына жаппай көшу мен қаржыландырудың жеткіліксіз болуына орай ортақ жиналыста бірлестік жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. 

IMG_20190512_094626.jpg

Әрине, аудан мен қала тұрғындары арасында ерекше танымал бола бастаған ұлттық-мәдени орталық үшін мұндай шешім қабылдау оңайға тиген жоқ. 1997 жылы славяндардың орталығы қайтадан жаңғырды. Содан бері осы бірлестікті тұрақты түрде Гуменный Владимир Васильевич басқарып келеді. Қоғам өзіне орыс халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері, Қазақстанның көпұлтты халқы арасындағы бауырлас қарым-қатынастарды нығайту, елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауды өзіне басты мақсат етіп айқындап алған. 

IMG-20190607-WA0060.jpg

В. Гуменный 1955 жылы 9 маусымда Қандыағашта дүниеге келген. Еңбек жолын 1976 жылы Ақтөбе локомотив депосында жүргізушінің көмекшісі ретінде бастап, кейін жүргізуші қызметіне ауысты. Темір жол саласында жұмыс барысында өзін жоғары кәсіби маман ретінде дәлелдеп, екі мәрте коммунистік еңбек екпіндісі атанып, өнеркәсіп саласының грамоталары мен және ақшалай көтермелеулермен марапатталды. Сырттай Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді. 

гуменный_reswm_1_reswm.jpg

Жоғары еңбек өнімділігі үшін кәсіподақ қызметіне ұсынылды. Одан кейінгі жылдары облыстық кәсіподақтарда басшылық лауазымдарда қызет етті. Ерен әлеуметтік және патриоттық қызметтері үшін Алғыс хаттар мен грамоталармен, ҚХА мерейтойлық медалімен, Ресей Федерациясының мемлекеттік медалдарымен марапатталған, ҚХА мүшесі және ресейлік отандастарының үйлестірушісі болып табылады. Үш бала тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп, барлықтарына тиісті білім мен тәрбие бере біоген абзал әке, бақытты ата.

photo_2019-06-14_13-38-28.jpg

Әрине, ол бір өзі жалғыз барлық осы жұмысты қопарып тастамағаны аян. 20 жылдан астам уақыт бойы В.В.Гуменный оңайға соқпаған әлеуметтік жолда ойшыл адамдарды тауып қана қоймай, олардың басын біріктіре білді. Қоғакмдастықтың көркемдік жетекшісі Сурай Виктория Васильевнаның, «Алые паруса» театр студиясының көркемдік жетекшісі Kиek Надежда Николаевнаның, хореографтартар Фролов Константин Владимирович пен Миньо Анастасия Владимировнаның, аккомпониатор Митрохин Сергей Павлович, «Ирбис» іздеу отрядлының командирі Соловьев Юрий Александровичтерді атап өткен орынды болар еді. Бұлардың барлығы көптеген ортақ игі істерге сүбелі үлестерін қосқан абзал жандар. 

IMG_20190601_111930.jpg

Славян этномәдени орталығы жанында бүгінгі таңда «Русская песня» халық хоры, «Радуга Престиж» халықтық би тобы, «Купава» фольк-модерн тобы, «Коляда» мен «Ладушки» фольклорлық ансамбльдері, фольклорлық ансамблі, «Алые паруса» театр студиясы, «Сударушки» вокалдық тобы, «Русский стиль» спорттық секциясы, «Ирбис» іздеу тобы жұмыс жасайды. 

IMG_20190621_100256.jpg

Мысалы, «Радуга Престиж» халық би тобы Ресейдің біраз қалаларында гастрольдік турмен болып қайтты. «Алые паруса» театр студиясы Франция, Италия және Испаниядағы фестивальдерге қатысты. «Славяне» орталығының барлық ұжымдары республикалық және аймақтық іс-шараларға, қалаішілік мейрамдарға қалыспай қатысып тұрады. Орыстың Рождество, Пасха, Масленница мен Троица халықтық мерекелері қайта жандандырылды. Жыл сайын «Казахстан – Росссия. Навеки вместе» фестивалі, славян әдебиеті ен мәдениетінің фестивалі ұйымдастырылып өткізіледі. 

IMG-20190519-WA0052.jpg

Жыл сайын облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» МКМ қолдауымен шетелге баруға және Ресейдің әр түрлі өңірлерінен қонақтарды қарсы алуға мүмкіндік алады. Мысалға 2018 жылы «Купава» фольк-модерн тобы Башқұртстан Республикасының Кумертау қаласында өткен ОРТ телеарнасындағы «Играй гармонь» бағдарламасының түсіріліміне қатысты. 

P90310-132157.jpg

Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шайқас барысында қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлерін іздеп, денелерін қайта жерлеумен айналысатын «Ирбис» тобының да қызметін ерекше атап өткен жөн. қасиетті миссияны жүзеге асыратын патриоттық отряды осы жылдар ішінде Ресейдің Новгород, Калуга, Ленинград, Мурманск және Севастополь облыстарына 20 экспедиция жасақтаған. 900 жауынгердің денелері табылып, қайта жерленген. Іс-түссіз жоғалып кеткен 39 сарбаз бен офицердің есімдері анықталды.

Славяне.JPG

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Кейін қарай