Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Тамыз, 2022

355

Ақтөбе облысының Аналар кеңесі мүшелері Ырғыз ауданынажұмыс сапарымен барды

2022 жылғы 2 тамыз күні Ақтөбе облыстық «Қоғамдық келісім» КММ мамандары мен Аналар кеңесінің мүшелері Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барды.

Аталмыш шараға Ақтөбе облыстық, аудандық, ауылдық Аналар кеңесінің мүшелері мен аудан әкімі Н.Қызбергенов қатысты.

Іс-шара барысында Ауданда Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау тармағына сәйкес жас ұрпақтың бойында рухани тәрбие мен жан-жақты даму, оның ішінде Отанға және туған жерге деген махаббат пен жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған Құралай Берекештің «Этноауыл» жобасының жұмысы таныстырылды.


Ауылға кіріп келгеннен қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Ырғыз елінде көзіңе оттай басылатын самаурынның түтіні мен мұндалап тұрғандай, бір аулада екі ақшаңқан ағаш үй тігіліп тұр. Киіз үйдің іші толықтай ата-бабамыздан келе жатырған ұлттық құндылықтармен, көне жәдігерлермен жабдықталған. Ағаш үйдің бірі Құралайдың анасынан қалған аманат. Ол үйде анасының қолынан жасалған дүниелер, тоқылған алаша, ши, текемет, бастырған киіз төсеніштері, анасының өзі сол жерде жүргендей әсер берді. Аула құдды бір ертегі әлемінде жүргендей әр бұрышы ұлттық насихатқа тұнып тұр. Жүн түту, ұршық иіру, асық ойындары, жас келіндердің сәлем салу рәсімі, тұсау кесу салт-дәстүрі тамашаланып, тары түйіліп, жент жасау шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар, «Аяғына қарап асын іш» демекші, киік төлдеп жатқан уақытта дүниеге келген Құралай қыздың қазақтың ұмыт болып бара жатырған ұлттық тағамын насихаттауы оны өз қолымен жасауы, күбіде қымыз сапырып, киикоты шөбімен ыстап, емдік қасиетте ұсыну өнері әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған.


Киелі шаңырақтың астында, дөңгелек үстелдің басында аудандық аналар кеңесінің жұмысы талқыланып, қоғамдағы әйел мен ананың рөлі, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығы, жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру қарастырылды.

Бүгінде Ырғыз аудандық аналар кеңесінің жұмысында жас ұрпақтың санасын жаңғырту негізінде ұлттық мәдениет пен үздік дәстүрлер мен сабақтастысты ілгерілетуге үлкен көңіл бөлінуде, Аналар кеңесінің төраймы Р.Омарова мен «Этноауыл» жобасының ұйымдастырушысы Қ.Берекештің қызметтеріне «Қоғамдық келісім» КММ атынан оң баға берілді.




Кейін қарай