Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

394

Ақтөбеде Аналар кеңесі бірнеше іс-шараның өтуіне ұйытқы болды

ҚХА Аналар кеңесінің жалпы республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні әртүрлі мерекелік іс-шаралар өтті.


Атап айтқанда, С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін!» атты кітап көрмесі, Ақтөбе облысы Алға аудандық әйелдер кеңесінің және аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы, Ырғыз аудандағы «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» мерекелік іс-шарасы, аудандық Құралай Берекештің «Этно ауыл» жобасы аясында өткізілген экскурсиясы, Қобда ауданындағы «Күндей күлсін балалар» мерекелік іс-шарасы болды.

Сол секілді алдағы уақытта «Мен Отанымды сүйемін» сурет байқауы, Шалқар ауданындағы «Бала күлкісі-әлем көркі» атты мерекелік шарасы өтпек.

Кейін қарай