Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2021

290

Ақтөбеде ҚХА мүшелері Президент Жолдауын талқылады

Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызының төрағалығымен Президент жолдауы талқыланып, баяндама тыңдалды. Аталмыш іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ЭМБ төрағалары, ЭМБ-нің жастар қанаты, кеңес мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің мамандары қатысты.

Аталмыш шараның басты мақсаты - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдаудың басты бағыттары туралы баяндама тыңдалып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талқылау. Дөңгелек үстел аясында модератор М.Қорғанбаева жолдаудың басты бағыттарына тоқталып өтті.

- ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін іске асырудың маңыздылығы Мемлекет басшысының бастамасымен келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерi ұлғаюы, ауыз су, тұрғын үй, жайылымдық жер, денсаулық сақтау, білім беру және бизнес жүйелерін қолдау сияқты басымдықтарды қамтиды. Биылғы Жолдауды қоғамның алдағы реформалар бойынша сұрақтарына берілген нақты жауап деп қабылдаймыз, - деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы.

Кейін қарай