Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2020

821

Ақтөбеде ҚХА-ның 25 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті

Ақтөбе облысының әкiмi Оңдасын Оразалин Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатысты. Аймақ басшысы елiмiздiң қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өмiрiнде Ассамблея орнының ерекше екенiн айтып өттi.

“ҚР Тұңғыш Президентi-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының негiзiнде елiмiздегi этносаралық үйлесiмдiлiк әлемнiң басқа елдерiне үлгi болды. Халқымызда «Бiрлiк түбi - береке» деген дана сөз бар. Бiздiң барлық қол жеткiзген жетiстiгiмiз бен табысымыз бiрлiк пен татулықтың арқасында”,-дедi облыс әкiмi.


Өңiр басшысы “Қазақстан кәрiстер қауымдастығы” РҚБ Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары Галина Ажгалиеваға, «Ақтөбе облыстық «Шатлык» татар – башқұрт орталығы» ҚБ мүшесi Акчурин Рафик,
«Дагестан» Ақтөбе облысы Дағыстандықтардың ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ мүшесi Магомедрасул Багдунов,
«Возрождение» Ақтөбе облысы немiстерiнiң қоғамы» ҚБ мүшесi Инна Волошина, «Славян» Ақтөбе аймақтық орталығы» ҚБ төрағасы Владимир Гуменный сынды т.б әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң қауымдастық төрағалары мен орталықтардың мүшелерiне жалпы саны 38 азаматты “Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл” мерекелiк медалiмен марапаттап, өңiрдегi тұрақтылық пен бiрлiктi сақтауға қосқан үлестерi мен еңбектерi үшiн алғыс бiлдiрдi.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсiздiктiң бiрiншi жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативтi-кеңесшi орган мәртебесiмен құру туралы Президенттiң Жарлығы шықты.


2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бiрқатар өзгерiстер енгiзiлдi. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берiлдi, ол ҚР Парламентi Мәжiлiсiне 9 депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлi айтарлықтай артты. Айтып өтейк, Ақтөбе облысында бүгiнде 90-нан астам түрлi ұлт өкiлдерi тату-тәттi өмiр сүредi.

Кейін қарай