Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2021

342

Ақтөбеде «Вайнах» ЭМБ қайырымдылық шарасын өткізді

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Ақтөбе облысы «Вайнах» этномәдени бірлестігі шешен-ингуш халқының қазақ еліне жер аударылғанына 77 жыл толуына байланысты қайырымдылық шарасын өткізді.

ЭМБ өкілдері 700 000 теңгеге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік толтырылған әлеуметтік себеттер таратты.

Осындай игі істі бастап, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген «Вайнах» шешендер ЭМБ-нің төрағасы Хасан Сагаев:

– Кез келген қиындықты бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында артта қалдыратынымыз анық. Біздің Алғыс айту күні қарсаңында жасап жатқан қайырымдылық шарамыздың да негізгі мақсаты осы. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан бауырларымызға қиналғанда көмек қолын созу – міндетіміз, - деді.

Кейін қарай