Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2021

327

Ақтөбедегі Аналар кеңесінің мүшелері қайырымдылық акциясын өткізді

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш акция аясында Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Қалиева, Аналар кеңесінің мүшесі П.Савицкая, «Қоғамдық келісім» КММ-нің БАҚ және ҚХА жанындағы кеңестер қызметін іске асыру бөлімінің сарапшы-маманы Б.Молдыкешева аз қамтылған отбасылардың шаңырақтарына барып, азық-түлік толы себеттер таратты. Шараның негізгі мақсаты – жағдайы төмен жандарға жылулық сыйлау, қамқорлық көрсету.

Сол сияқты игілікті шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен де кездесу ұйыдастырылды.

«Қайырымдылық жасау – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Әрбір жан иесі мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек берсе, бұл ізгі адамгершіліктің, шынайы кісіліктің нақты көрінісі болар еді», - дейді Аналар кеңесінің төрайымы Жұмабике Қалиева.


Кейін қарай