Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2021

273

Ақтауда кәріс этномәдени бірлестігі өкілдері колледж ұстаздарымен кездесті

Ақтауда 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Уақыт. Оқиғалар. Адамдар" атты тақырыпта "Чосон" кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова мен Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұстаздарымен кездесу өтті.

Жиын барысында колледж кураторларына Қазақстанның кәрістерінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы бейнефильм ұсынылды.

- Осынау қиын қыстау кезеңді өздері де басынан кешірген қазақ халқы көптеген ұлт өкілдеріне қамқорлық көрсетіп, қол ұшын берді. Ендігі ұрпақ тарихта ақтаңдақ болып қалған ашаршылық, репрессия тауқыметін көрмеуі тиіс. Осы тауқымет құрбандарына айналған тұлғалардың ұлы істерін ұмытпай, жас ұрпаққа айтудан жалықпаймыз, - деді Раиса Ивановна.

Кейін қарай