Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қазан, 2019

2007

Ақтауда ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған поэзиялық кеш өтті

Іс-шараға қатысушылар Абай шығармаларымен танысса, ақынның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытып жүрген студенттер, жастар ұлы ойшылдың өлеңдерін, шығармаларынан үзінді оқыды.

Іс-шара барысында этнос жастары өкілдері де ұлы ақын өлеңдерін, шығармаларын жатқа оқыды. Абайдың өзі «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтып кеткеніндей, мұндай іс-шаралар Қазақстан халқын ынтымаққа, достыққа, бірлікке шақырады, дейді кешті ұйымдастырушылар.

№6656 әскери бөлімінің сарбазы Төлеутай Ансарұлы ақынға арнаған өзінің жүрекжарды өлеңін оқып берді.

Ұлы Абайға арналған поэзиялық кеш соңында ақынның өлеңін, шығармаларын оқыған жастар Алғыс хаттармен марапатталып, ең үздіктеріне өңірлік Ассамблеяның атынан сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай