Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2021

257

Ақтауда «Мың бала» жобасы аясында балалар арасында сайыс өткізілді

Ақтау қаласында «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Шарада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Мың бала» республикалық жобасы аясында Маңғыстау облыстық Ассамблея лагерьге демалуға келген балаларға арнап викториналық ойын өткізді.

Жоба ұйымдастырушысы Айгүл Дәден лагерь тәрбиеленушілері мемлекеттік тілді жақсы меңгергендігін айтады. Әр түрлі этнос балалары қазақша викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берді.

Өткен викториналық ойында қазақ ұлтының дәстүрі, тілі, ән-күйі бойынша сұрақтар қойылды. Балалар жұмбақ шешіп, жаңылтпашты жатқа айтты. Ашылу соңында ойын жеңімпаздарына сыйлық үлестірілді. Лагерьге осы ауысымда әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары және отбасылық үлгідегі балалар ауылының жүз тәрбиеленушілері келіп отыр.

Айта кетейік, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының негізгі мақсаты – этностық топтар балаларына мемлекеттік тілді үйрету, олардың бойына мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып секілді ұлттық құндылықтарды сіңіру.


Кейін қарай