Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

413

Ақтауда осетиндердің УАСТЫР-ДЖИ мерекесі тойланды

«Алан» осетиндік ЭМБ өкілдері «Святой Георгий» ұлттық осетиндік УАСТЫР-ДЖИ мерекесін өткізді. Бұл мереке қараша айының соңғы аптасында аталып өтеді және оны «Уастрджиге табыну апталығы» деп атайды.

Іс-шараға ЭМБ төрағалары және шақырылған қонақтар қатысты. «Святой Георгий» - осетин халқының ең сүйікті мерекелерінің бірі. Ғасырлар бойы осетиндер кез-келген шара алдында Святой Георгийге жүгініп, одан қамқор болуды сұрайды.

Айтулы мерекеге жас талантты музыкант, республикалық халық аспаптары конкурсының лауреаты Ербол Азымов шақырылды, ол домбыра да бірнеше композиция орындады. Осетин ЭМБ белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Кейін қарай