Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2022

494

Ақтауда «Сән құрақ fest-21» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Ақтау қаласының Достық үйінде жаңаөзендік Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Сән құрақ fest-21» фестивалі өтті.


Фестиваль мақсаты – қолөнердің көне түрлерін, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу. Фестиваль аясында тегін шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық бұйымдар тігуден дәріс алды. Сондай-ақ, өз бұйымдарын ұсынған конкурс қатысушылары марапатталды. Айта кетейік, олар кәсіби тігіншілер емес, әртүрлі қиын жағдайларға тап болған көп балалы аналар. Байқау жеңімпаздарына сыйлық ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан 5 тігін машинасы берілді. Фестивальге әзірбайжан ЭМБ төрағасы Гусейнов Шамсадин, грузия ЭМБ төрағасы Натрошвили Арчил, Маңғыстау ауданы Аналар кеңесінің төрағасы Абдулавева Түймеш, кәріс ЭМБ төрағасының орынбасары Тен Андрей, үнді ЭМБ төрағасының орынбасары Вадодария Хитеш демеушілік жасады.


Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Элубаева Зухраға (Жаңаөзен қаласы) бұйырды. Айта кету керек, «Сән құрақ Fest-21» фестивалі 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.


Кейін қарай