Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2021

298

Ақтауда «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ақтау қаласының Достық үйі ғимаратында, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқауға журналистика саласындағы мамандар қатысуға өтінім білдірді. Байқауда 30 журналист 70-ке жуық жұмыс ұсынды.

Биыл алғаш рет «Шаңырақ» шығармашылық байқауына Ақтөбе қаласынан келген «Deutsche Allgemeine Zeitung-Asia» неміс басылымының тілшісі Дмитрий Шинкаренко қатысты, ол неміс этномәдени бірлестігінің жұмысын көрсетті.

Жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша анықталды. Байқауда жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетовтің атынан алғысхаттармен, сондай-ақ 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға белсенді қатысқаны үшін 5 журналист 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алды.

Кейін қарай