Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Маусым, 2021

476

Ақтауда өзге этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін үйрену сабағы ұйымдастырылды

«Қазақтану» және «Мәміле» жобасы аясында Достық үйі ғимаратында Маңғыстау облысының ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қазақ тілін үйрену сабағы өтті.


«Қазақша үйрен» оқу орталығының жетекшісі Меруерт Амангелдіқызының айтуынша, қазіргі уақытта қазақ тіліне қызығушылық артып келеді.

- Бұл жобаның басты мақсаты - Қазақстандағы өзге этностар арасында қазақ тілі арқылы ұлтаралық бірлікті нығайту. Қазақ тілі еліміздегі барлық өзге ұлттарды бір шаңырақтың астына жинайтынына сенеміз, - дейді М.Амангелдіқызы.

Қазақ тілін үйренуге неміс, орыс этномәдени бірлестіктерінің мүшелері келді.

- Бүгін «Мәміле» клубының алғашқы сабағына келдім. Тақырыбымыз қазақ отбасына арналды. "Жиен, нағашы, құда" деген жаңа сөздер үйрендім. Сабақ форматы өте қызықты болды. Келесі сабаққа досымды да алып келгім келеді, — дейді Артур Бекжанов есімді қатысушы.


Кейін қарай