Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қараша, 2019

1908

Ақтаудың оқушылары Фариза Оңғарсынованың ұстазымен кездесті

2019 жылы қоғам қайраткері, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, Маңғыстау облыстық кәріс этномәдени бірлестігі IT лицейінің оқушыларымен Ф. Оңғарсынованың ұстазы, орыс тілінің мұғалімі Клара Зоринамен кездесу ұйымдастырды.


Клара Дмитриевна атақты поэт, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованы орыс тіліне үйреткен ұстазы.

Кезедесу барысында оқушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, ал Клара Дмитриевна өз кезегінде оқушыларға Фаризаның мектеп жылдарындағы өмірі туралы сыр шертті. Оқуышылар шын көңілмен тыңдап, ерекше әсерде болды.


Мектеп қабырғасында оқып жүргенде Фариза өте алғыр, мейірімді, талантты, өз туған жерін сүйетін патриот болып қалыптасты.

Клара Дмитриевна «Мен Фаризаны орыс тіліне үйретсем, ол маған қазақ тілін үйрететін» деп, ақынды жылы еске алды.


Кейін қарай