Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2019

1514

Абайдың қара сөздерін кәріс тіліне аудардық

Сабина Пак, Корей этномәдени бірлестігінің мүшесі:

Түркістан облысынан келдім. Анам қазақ, әкем кәріс. Отбасымызда кәріс, қазақ, орыс тілдерінде сөйлесеміз. Қазақ тілін қатты жақсы көремін және еркін сөйлеймін. Тіпті қазақ тілінде өлең де жазамын. Қазіргі таңда университетте де қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алудамын. Жастар өздері қазақ бола тұра, қазақша сөйлемейді. Олар не себепті мемлекеттік тілді кейінгі орынға қояды деп ойлаймын. Мен болашақта жас ұрпаққа қазақ тілінде білім бергім келеді. Бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлессек деген мақсатым мен арманым бар. Ал өзімнің туған ағам Абайдың қара сөздерін жатқа айтады. Соның арқасында республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Өзімнің айнам ағам деп айта аламын. Біз үйде өзіміз хәкім Абайдың сөздерін, оның ішінде отыз бірінші қара сөзін кәріс тіліне аудардық.

Кейін қарай