Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Мамыр, 2022

534

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2022 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында «Қоғамдық келісім» РММ мен «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелдің модераторы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі – Ахметов Расул Сурмалиевич болды.

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғаммен байланыс жөніндегі директор орынбасарының м. а. А.А. А.Т. Абдулина, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.И. Касанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы А.А. Караев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Г.В. Кан, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен БАҚ тілшілері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Конституциясының 33 бабына енгізуге ұсынылған өзгертулердің маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ аталмыш жаңалықтар жаңа Қазақстанды құруда қандай рөл атқаратынын талқылады.

«Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты, мемлекет үшін де, әрбір жеке азамат үшін де маңызды шешімдер қабылдау процесіне қоғамның қатысуының бір тәсілі. Референдум өткізу азаматтардың ерікті түрде қатысуы және еркін ерік білдіруі, азаматтардың жасырын дауыс беру арқылы референдумға қатысуға жалпыға бірдей, тең және тікелей құқығы қағидаттарына негізделеді. Референдум бүкіл мемлекеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға бағытталған конституциялық реформаны іске асыру жоспарының маңызды кезеңі болып табылады, ол ел дамуындағы жаңа кезеңді белгілейді. 5 маусымдағы референдумның қоғам, мемлекет және әрбір азамат үшін маңызды үлкен» – деді Расул Ахметов.

Жиын соңында қатысушылар 5 маусымда өтетін республикалық Референдумға белсенді қатысып, өз болашағын айқындауға шақырды.


Кейін қарай