Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2023

534

Алғыс айту күніне арналған телекөпір өткізу жоспарлануда

2023 жылғы 1 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған телекөпір өткізілмек.

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты әртүрлі салаларда және кәсіптерде адал қызмет етіп, азаматтық ерлік жасап, елдің дамуына үлесін қосып жүрген, сондай-ақ түрлі оқиғалар мен жағдайлар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан қазақстандықтарға алғыс айту болып табылады.

Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 40-қа жуық Достық үйлері онлайн форматта қосылып, барлығы 400-ден астам адам қатысады.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері, еріктілер мен жастар қатысады.

Сонымен қатар, іс-шарада дәстүрлі түрде өткізілетін «Мейірімділік керуені» республикалық форумының басталуы жарияланады.

Анықтама ретінде: 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында өткен ҚХА-ның 22-ші сессиясы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды – Алғыс айту күні деп белгілеп, оны мереке ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.

Кейін қарай