02 Наурыз, 2017
915
Алғыс күні тойланды
Биыл екінші рет тойланып отырған Алғыс айту күні мерекесі еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір - біріне деген бауырмалдық пен сыйластықты тереңдете түскендей. Көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев түрлі этностардан құралған Қазақстан халқының бір шаңырақ астында берекелі өмір сүруіне жағдай жасауда. Бүгінде Қазақстан тағдыр тәлкегімен қоныс аударған түрлі этностардың құтты мекеніне айналды. Сол қиын-қыстау заманда қазақ халқы олардың ешқайсысын жатсынбай, пана болып, бауырына басты.
Бүгінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті.
Іс-шараға қатысушыларды ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев мерекелерімен құттықтап, сөз сөйледі.
Іс-шара барысында сөз алған әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Т.Р. Фараджев «Мен қазақ халқына, бізді қабылдаған қазақ жеріне құрметпен қараймын. Осы жерде бейбітшілік пен бірлікте өмір сүрудеміз, сол үшінде барша қасиетті қазақ халқына алғысым шексіз!» - деді.
Мерекелік концерт кезінде әр ұлттың әндері шырқалса, мың бұралған бишілері өз өнерлерін көрермен қауымға паш етті. Сонымен қатар, қонақтарға арналған, көздің жауын алатын қолөнер бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті