Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2023

283

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Сұлтан Бейбарыс» атты көркем фильмінің көрсетілімі өтті

2023 жылғы 8 маусымда, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Ұлы дала топырағында дүниеге келіп, әйгілі Мысыр шаһарын билеген Әз-Заһир Сұлтан Бейбарыс бабамыздың туғанына 800 жыл толуына орай «Сұлтан Бейбарыс» атты көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Іс-шараға «Асамблея жастары» ҚБ, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының өкілдері мен жастар қатысты.


Сұлтан Бейбарыс – мемлекет басқару ісінде дана шешімдерімен дараланған билеуші. Төрткүл дүниеге есімі мәлім болған бабамыз кейінгі ұрпақ үшін зор мәртебе, мақтаныш. Оның жасаған ерліктерін жаңғырту, оны келешек ұрпаққа жеткізу, насихаттау, өз тарихы мен бабаларын сыйлайтын ұрпақтың қасиетті міндеті.

Ұйымдастырушылар: ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі және «ATA YURD-NOMAD» әзербайжандар этномәдени бірлестігі.


Кейін қарай