Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Сәуір, 2020

875

Алматы: «Барбанг» Ассоциациясы мұқтаж 100 отбасына көмектесті

Алматыда #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Барбанг» күрді Ассоциациясы әлеуметтік жағынан осал азаматтар санатына қайырымдылық көмек көрсетті: аз қамтылған отбасыларына, жалғыз басты қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға.


«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жөніндегі #bizbirgemiz қайырымдылық акциясы – әркімнің қайырымдылық іс жасай алатынының айқын мысалы. Ел үшін қиын кезеңдерде, жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды», - деп есептейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы ҚХА күрдттер «Барбанг» қауымдастығының Вице-президенті Вакиль Набиев. Ол Алматы облысының Іле ауданындағы кіші Отанында мұқтаж жандарға қолдау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде 100 отбасына азық-түлік пакеттері үлестірілді.


Кейін қарай