Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2020

683

Алматы: ҚХА медиаторлары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында белсенді қызмет атқаруда

Алматыдағы Республикалық Достық үйінің медиация кабинеті Халықаралық құқық қорғау орталығымен бірлесіп медиация бойынша тегін семинар өткізді. Оның барысында қатысушылар медиацияның көмегімен қандай дауларды реттеуге болатынын, медиатор не үшін көмектесе алатынын және оның рөлі қандай, сондай-ақ медиатор қалай бола алатынын егжей-тегжейлі біле алды.

Татуластыру рәсімдерін дамыту ел үшін аса маңызды заң үстемдігі принципін іске асырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені халықтың қақтығыс деңгейін төмендетуге және қолайлы құқықтық орта құруға ықпал етеді.

«Қазіргі «шындықтағы жағдай» кездесулерге деген ескі тәсіл жұмысын тоқтатты. Жаңа форматта өмір сүретіндер үшін видеоконференциялар өткізледі. Онлайн форматтағы кездесулер өте нәтижелі болатындығын байқап жүрмін. Сол себепті қажетті деген онлайн дәрістерге тұрғындар арасында қызығушылық артуда. Осы тұрғыда Кәсіби медиаторлар қандай қадам жасау қажет екенін, қандай жағдайда бітімгершілікке келуге болатынын түсіндіру мақсатында аталмыш семинар медиация саласын оқытудың шебері Ж. Жакуповпен бірігіп ұйымдастырылды, - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық Достық үйінің медиация кабинетінің меңгерушісі Н. Альтекова.

ҚХА медиаторлары әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар мекемелерімен тығыз және жемісті ынтымақтастық жасайды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Кейін қарай