Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

563

Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы өз иелерін тапты

Жетісу өңірінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік бағыттарын және Мемлекет басшысының жарлығын іске асыру, ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, еріктілер арасында облыс әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы салтанатты түрде табыс етілді. Шарада 8 аталым бойынша адал жандар ардақталды.

«ASYL JÚREK» премиясында «Мұрагер» Этно волонтерлік номинациясы Александр Сон лайық деп танылды. Ал, әлеуметтік ерікті ретінде «Жан жылуы» аталымынан Амангелді Толамисов марапатқа ие болды. Адамзаттан бөлек, табиғат анағада құрметпен қарау үлкен жауапкершілік пен аса мейірімділіктің арқасында орын алады. Бұл ретте Эко волонтерлік жеңімпазы болып Сергей Тандеев таңдалды. Вероника Гузенко «Хайуанаттар қорғаушысы» ЗОО волонтерлік аталымын жеңіп алды. Еріктілердің ішінде «Көзсіз ерлік» номинациясы Оксана Оралбайқызының қанжығасына байлады. «Білгенімен бөліскен» онлайн волонтерлік жеңімпазы Алишер Ермекұлы болса, «Шипагер» медицина еріктілігі жүлдесі Алмабек Баткалбековке бұйырды. «Халық жанашыры» деп Хумар Халысұлы танылды. Айта кетейік бұл додаға 100 ге жуық өтініп келіп түскен.

Шара тек, жеңімпаздарды марапаттаумен шектелмеді. Қайырымды жандар әдеттерінен жаңылмай тағы бір отбасыны қуанышқа кенелтті. Олар 5 баланың анасы, Ақмарал Наурызбекова баспана кілтін табыс етті. Үйдің кілтін «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының актері Мадияр Серікбаев берді.


Жалғызбасты ананың қоныс тойын тойлауы «1000 теңгеге баспана» жобасының аясында жүзеге асып отыр. Бұл биылғы жылы «Харекет» қоры тапсырған 366 -шы үй.

Сондай-ақ, марапаттау барысында «Asyl Júrek: Көзсіз ерлік» номинациясының жеңімпазы, «Lider.kz» еріктілер клубының мүшесі Оксана Әмірғалиева өзінің ақшалай сертификатын көп жылдар бойы мұқтаж отбасыларға көмектесіп, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге қатысқан Үштөбе қаласының еріктісі – әріптесі Екатерина Серединаға берді. Себебі, тек шетелде ғана жүзеге асырылатын Екатеринаның емделуіне 5 мың еуро қажет.

Ерікті болу-ерлік. Қоғамның кетігін жамауға жұдырықтай жұмыла қарекет еткен атпалдай азаматтардың еңбегі ерен. Бейбін күнде бір-бірімізге деген мейірім сәулесі сөнбесін.


Кейін қарай