Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2021

251

Алматы облысында бірлік күніне арналған онлайн-экскурсия өтті

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбында онлайн-экскурсия ZOOM платформасы арқылы өтті.

Шараға облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенді мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Алакөл ауданының ішкі саясат бөлім басшысы, Достық ауылдық округінің әкімдігі, Ақтоғай, Достық станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 50 адам қатысты.

Аталған шараға «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау бөлімінің жетекшісі – Тәңірбергенова Айымжан Кәріпжанқызы төрағалық етіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ел ішіндегі этнос өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттауға бағытталған 1 мамыр бірлік күніне арналған шараның мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті.

Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Байкамитов Жандос Бауыржанұлы «Қоғамдық келісім» КММ құрылымымен, қызметімен таныстырып, Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтақыметов Бейбіт Ерікұлы, облыстық күрд этномәдени орталығының төрағасы Момуч – оглы Али Сулоевич, Достық станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Қожакәрімов Ербол Оралұлы құттықтау сөз сөйледі.

Достық үйінде орналасқан облыстық этномәдени орталықтардың бөлмелеріне онлайн экскурсия ұйымдастырылып, этномәдени орталықтардың төрағаларының бейне құттықтаулары көрсетілді.

Кейін қарай