Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2021

492

Алматы облысында әкелерге арналған форум ұйымдастырылды

«Рухтың күші – әкеде» жобасы аясында Кербұлақ аудандық Ә.Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде Алматы облыстық Аналар кеңесінің форумы өтті.

Шараның негізгі мақсаты - әкенің мінез-құлқы, оның өзгелермен қарым-қатынасы, даналығы мен білімі балаға үлгі болатындығын көрсету. Мәдениет үйінің фойесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Форумды Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтау сөзімен ашып, әкеге деген құрметтің ерекше маңыздылығын, оның отбасындағы және мемлекеттегі рөлін атап өтіп, үлгілі әкелерді алғыс хаттармен марапаттады.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Н.Баймадиева мен Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Ақбасова отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ана мен әкенің рөлі туралы әңгімеледі.

Іс-шара барысында әкелердің мерейін өсіріп, абыройын көтеретін қысқа метражды фильм көрсетілді. Форум концерттік бағдарламамен аяқталды.


Кейін қарай