Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қаңтар, 2021

640

Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды

Талдықорған қаласының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ертегілерді жазу бойынша I аймақтық байқауды бастайды. Жобаға Алматы облысының 71 этномәдени бірлестігі қатысады, бірақ өңірдің барлық жастағы тұрғындары өздерінің бірегей ертегілерін жібере алады.

Шығармалар 14 ақпанға дейін қабылданады, мазмұны мен тақырыбы бойынша үздік шыққандар аудио форматқа түсіріледі және арнайы әзірленген қосымшада жарияланады. Оны PlayMarket және AppStore арқылы тегін жүктеп алуға мүмкіндік туады.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова бұл идеяның пайда болуын былай түсінідіреді:

- Бұл ой әжем ертегі айтқан кезде келгенін жасырмаймын. Ертегілер арқылы жас буынның бойына отбасылық құндылықты, достықты, бейбітшілікті, бірлікті қалыптастыруға болады. Әжем айтқан ертегілерді қағазға түсіріп отырып, қаншама ертегінің жойылып бара жатқанын ойладым. Халықтың көнеден келе жатқан қазынасын жоғалтып алмас үшін, осындай байқаулар керек-ақ, - деді.

Айта кетейік, ертегілердегі рөлдерді халық театрының актерлері емес, Алматы облысынан келген танымал адамдар немесе тумалар сомдайды, ал оларға Талдықорған қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары иллюстрациялар салады.

Ертегілері іріктеу кезеңінен өткен адамдардың есімдері 22 ақпанда белгілі болады. Ертегілерді электронды мекен-жайға жіберуге болады: dom-druzhby@mail.ru

Кейін қарай