Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2021

229

Алматыда «Ақ орамал» акциясы аясында Мәңгілік алауға гүл қойылды

Алматы қаласында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға және Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Алматы қаласындағы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, Алматы қаласындағы ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында ҚХА ғылыми – сараптама тобының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, т. ғ. к., профессор, МАИН-Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы сөз сөйледі. Ол сонау 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен Семей ядролық сынақ полигонының құрылу тарихы, ядролық ғалымдар, проблемалар және полигонның бізге қандай қайғылы салдар қалдырғаны туралы айтып берді.


Кейін қарай