Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2022

679

Алматыда «Авиценна» тәжік этномәдени бірлестігі Наурыз мерекесін тойлады

Алматы қаласының «Авиценна» тәжік этномәдени бірлестігі «Сафар» Алматы мәдени орталығымен бірлесіп, Тәжікстан Республикасы Елшілігінің қатысуымен Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті.

Жыл сайын Алматыға тәжік орталықтарының басшылары мен өкілдері Қазақстан Республикасының барлық өңірлері мен облыстарынан келеді.

Мерекеге шақырылған қонақтар арасында Алматы қаласы мен Алматы облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері болды.


Тәжіктердің ұлттық киімдері, дәстүрлі тағамдары көрсетілген көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ жастар арасында спорттық жарыстар өтті. Алматы қаласының тәжік этномәдени орталығының төрағасы Юсуфжан Аминов:

- Әрбір қонақ біздің тарихымызбен, дәстүрлерімізбен танысуға мүмкіндік алуы үшін тәжік халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын барынша көркем көрсетуге тырыстық, - деп атап өтті.

Кейін қарай