Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Шілде, 2022

338

Алматыда Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығының жиыны өтті

25 шілдеде Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығының ұйымдастыруымен оқу озаттарына табысталатын «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлерін және бірқатар спортшыларды марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты И.Буларов, «Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығы» РЗТБ төрағасы З.Махусеев, дүнген бірлестігі ақсақалдар кеңесінің өкілдері және жастар қатысты.

Іс-шара барысында мәжілісмен И.Буларов қатысушыларды Қазақстанның саяси жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, Конституцияға енгізілген түзетулердің қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ кездесуге қатысушыларды қоғамдық өмірге белсене қатысуға және жаңа Қазақстанды құруға шақырды.

«Біз Президенттің жаңа Қазақстанды құру жөніндегі саясатын қолдауға тиіспіз. Егер сіз оқыған болсаңыз, бұл саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Біз бірігіп, жаңа Қазақстанды таңдауымыз керек», – деді И.Буларов.


Өз кезегінде қатысушыларға «Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығы» РЗТБ төрағасы Зайнуддин Махусеев таныстырылды, ол бүгінде елімізде этностардың дамуы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Біз барлығымыз бірігіп, еліміздің дамуы мен бірліктің нығаюына үлес қосуымыз керек. Мен еліміздің солтүстік өңірлерін аралап, жергілікті жерлердегі жағдаймен таныстым. Сондай-ақ, біз қоғамды одан әрі біріктіру және қоғамдық келісімді нығайту үшін қазақ тілін оқыту курстарын құрдық», - деп атап өтті спикер.

Іс-шара соңында спортшылар мен «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, іс-шара жастардың азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу және рухани байлықтарын, жастардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын артыру және жаңа білім алуға ынталандыру мақсатында өткізілді.



Кейін қарай